8 ROSO ҚР ІІМ ТЖК Республикалық жедел құтқару жасағында ағартушылық шаралары шеңберінде екі дәріс өткізілді. Бірінші дәрісті тәртіптің жағдайын шолумен және азаматтық қорғау мүшелерінің заңды орындауы туралы, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өзіндік қауіпсіздік тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция полковнигі Беғалы Базарали жүргізді.
Құтқарушылар РЖҚЖ базасының мәжіліс залында жиналды, оларға Қазақстан Республикасындағы жемқорлық құқық бұзушылық туралы айтылды. Жемқорлық құқық бұзушылық туралы бейнебаян көрсетілді. Өзгелерден маңыздылығы кем түспейтін мәселелерімен, екінші дәрісті шақырылған Діни істер басқармасының зерттеу және талдау орталығының мамандары өткізді.
Дәріс оқушы өз сөзінде, діни экстремизмнің күрделілігімен бір мағыналы еместігі жеке тұлғаға да қоғамға да, шетін мәселе екендігін айта кетті. Бұл ретте қазіргі уақытта діни экстремизм шектен шыққан түрімен қорқынышты ауқымды алуда. Сол себепті экстремистік оқиғаларды қолдау орталықтарымен террористік қозғалыстарға қатысы бар адамдарды әшкерелеу тәжирибесімен бөлісіп, антитеррорлық идеяларды насихаттауды күшейту қажет.
Сондай – ақ денсаулық сақтау орталықтарының мамандарын жұмылдырып, әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында түсіндіру әңгімелері жүргізілді.
 
ҚР ІІМ ТЖК РЖҚЖ баспасөз қызметі