9 Korrupcia PVLDr 1 Құқықтық жаппай оқытуды өткізу шеңберінде Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Павлодар облысы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жедел тобы келді.
Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Сыбайлас жемқорлықты алдын-алу басқармасының басшысы Ардақ Балғожин «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелерін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін түсіндіру бойынша семинар-жиналыс өткізді.
9 Korrupcia PVLDr 2 Семинар-жиналысқа ТЖД пен Павлодар қаласы ТЖБ жеке құрамы қатысты.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.
9 Korrupcia PVLDr 3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.
Сонымен қатар қатысушылардың назарына «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің әкімшілік сыбайлас жемқоқорлық құқық бұзушылықтар 34-тарауы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқықтық бұзушылықтар 15-тарауы жеткізілді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі ҚазақстанРеспубликасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.
Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Семинар-жиналыста Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғаларымен жасалған сыбайлас жемқорлық анықталған фактілері бойынша бейнефильм көрсетілді.
 
Павлодар облысы ТЖД
Заң тобы