12 okr 1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік бағдарлама, сондай-ақ Ақмола облысы ТЖ департаменті жұмыс жоспарының аясында Төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері бастықтарымен 2017 жылғы 30 маусымда Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі, Ақмола облысының прокуратура өкілдерінің қатысуымен «Ескерту – сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша профилактикалық сабақ» тақырыбында онлайн – конференция өткізілді.
12 okr 2 Осы семинарды ТЖД бастығының орынбасары подполковник Қанат Доспаев ашты, өз сөзінде Департаментінің жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды алдын-алу бойынша белгілі бір жұмыстарға, қызметтік, әскери және еңбек тәртібін сақтау, заңдылықтың бұзылуына жол бермеуіне бағытталған, сондай-ақ, қызметкерлерде сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем» төзбеушілікті құруға назар аударды.
12 okr 3 Сонымен қатар, кеңес барысында ТЖД аумақтық бөлімшелерінің қатысушыларымен тікелей онлайн - конференцияны трансляциялау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.
Азаматтық қорғау майоры Ж.Есетов,
Ақмола облысы ТЖД
КЖБ бас маманы