

Ісшара барысында бірінші болып сөз алған Лисаков қалалық ТЖБ басшысы, азаматтық қорғаныс подполковнигі Б. Төртқара, мұндай кездесулер тексерулер барысында пайда болатын көптеген сауалдарды талқылауға мүмкіндік береді деп атап өтті. Сонымен бірге қатысушыларды, өрттің шығу қауіптілігі жоғары кезеңде, қаладағы мекеме және кәсіпорындарда қауіпсіздікті сақтау талаптарымен таныстырды.

Дөңгелек үстел қатысушылары сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында алдын алу шараларын әрі қарай жалғастыру, жаз айларында өрт қауіпсіздігін сақтау керектігін атап өтті. Сонымен бірге жиын қатысушылары, жие кездесіп тұру керектігін тілге тиек етті, себебі мұндай диалогтар мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпкерлер арасында түсіністікті нығайтуға өз септігін тигізеді.
Қостанай облысы ТЖД
Лисаков қ. ТЖБ
Лисаков қ. ТЖБ