26 1 2017 жылғы 10 шілдеде Жамбыл облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағында жасақ басшысы Ю.Салагаевтың төрағалығымен 2014 жылғы 26 желтоқсандағы ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» тақырыпта «дөңгелек үстел» өткізілді.
26 2 «НұрОтан» партиясының Қоғамдық Кеңсе өкілі К.Е.Төлендиев аталған шараға қатысу үшін шақырылды. «Дөңгелек үстелді» өткізу мақсаты - мекеме қызметкерлері арасында профилактикалық жұмысты жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлық қауіптерін азайту болып табылады. К.Төлендиев өз сөзінде сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқару тиімділігінің, елдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуіне әкелетіні, прогрессивті әлеуметтік–экономикалық дамуын тежейтіні, мемлекеттік тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап Қазақстан әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді механизмдер мен институттарды мақсатты және кезең-кезеңмен жасап келетінін айтты.
Соңында Ю.Салагаев біздің жұмысымыз адамдардың өмірін құтқару және табиғи апатармен күрес болып табалып, сондықтан мекемеде сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға жол берілмейтінін, себебі ұжымда сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік тән екенін атап өтті.
Ибраева Роза,
Жамбыл облысы ТЖД
Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы