10 1 2017 жылғы 17 шілдеде Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде өткізілген «Жемқорлықсыз болашаққа» акция-эстафетасының қорытынды жиыны өткізілді.
10 2 Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып, мемлекеттік билік органдарында қауіпті екендігі баршамызға мәлім. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі» деп белгілеген мемлекеттік саясатты ұстанып, Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жас мамандары «Біз болашақты жемқорлықсыз құрамыз» атты ұран тастап, республика көлемінде алғашқы рет акция-эстафета бастау алды. Бұл эстафетаны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелері қолдап, әрі қарай жалғастыруда.
Осы акция-эстафета аясында ТЖ департаментінің барлық бөлілімшелерінде айлық жарияланып, қалалық, аудандық ТЖ басқармалары мен бөлімдерінің арасында «Жемқорлықсыз болашаққа» акция-эстафетасы бастау алып, мәресіне жетті. Осы акция барысында барлық бөлімшелер өз шығармашылық идеяларын жүзеге асырып, бір-біріне ұқсамайтын бейнероликтерді әзірлеген. Қорытынды жиында осы іс-шараның жеңімпаздары марапатталды.
10 3 Комиссияның шешімі бойынша жүлделі 1-орынды Сарыағаш ауданы ТЖ басқармасы, 2-орынды Сайрам ауданы ТЖ басқармасы және 3-орынды Түлкібас ауданы ТЖ бөлімі иеленді. Сонымен бірге осы іс-шараға қатысқан қалалық, аудандық ТЖ басқармалары мен бөлімдеріне алғыс хат тапсырылды. Ал ауқымды акция-эстафетасының шығармашылық авторы Шымкент қ. ТЖ басқармасының бас маманы азаматтық қорғау майоры Е.Тасқараев арнайы грамотамен марапатталды.
 
Азаматтық қорғау подполковнигі Б.Қамбаров,
Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД
кадр жұмысы бөлімінің бастығы