11 Жемқорлықпен күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың ең негізгі тапсырмаларының бірі болып анықталған. Солтүстік Қазақстан облысының ТЖ департаментінде де қызметтегі басты мақсаттың бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып табылады. Осыған байланысты, ТЖД сайтында жемқорлықпен күресу тақырыбында интернет – конференция өтті.
Күні бойы солтүстік қазақстандықтардың сұрақтарына СҚО ТЖД кадр жұмысы бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Нүкішев жауап берді. Облыс тұрғындарын жемқорлықты алды алу бойынша жұмыс туралы және Департаментте сыбайлас жемқорлықты алдын алуға қабылданатын іс –шаралар қызықтырды.
Барлық сұрақтардға Нұрлан Сейітжанұлы анықтап, толық жауап берді. Негізінен жемқорлыққа қарсы жұмысты насихаттауда, СҚО ТЖД бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндірме жұмыстары жүргізілетіндігін, кәсіби және қызметтік дайындық бойынша сабақ өткізуде жеке құрам республикамызда болып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтар туралы ақпараттандырылатындарын айтты. Сонымен қатар жемқорлыққа қарсы мәселе бойынша семинарлар мен сабақтар өткізіліп, онда уәкілетті органның мамандары қатысады. Ағымдағы жылы қызметкерлерге психологиялық әсер беру мақсатында, түрлі құқық бұзушылықтар, соның ішінде жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін қамауға алынатын ЕС164/1 тергеу изоляторына бару ұйымдастырылды. Ұдайы түрде бөлімше қызметкерлерімен жемқорлық іс –қимылын және лауазымдық міндеттерін әсіре пайдалану фактілерін анықтауға бағытталған анонимді сауалнама жүргізіледі.
Біздің елімізде жемқорлықтың теріс салдарына қарсы тұру үшін мықты механизм құрылған: мемлекеттік биліктің ашық және айқын жұмыс атқару принципінің құрылуы, мемлекеттік билік органдарының құжаттарына азаматтардың, қоғамның және бұқаралық ақпарат құралдарының қол жетімділігі, мемлекеттік қызметшіні азаматтар және де тағыда басқаларымен тікелей қарым-қатынас жасауынақатаң тиым салатын лауазымды т ұлғалардың өзін –өзі ұстау, іс –қимыл жасау сияқты арнайы кодекстің әзірленуі. Осының барлығы толығымен ТЖ ведомствосында жүзеге асырылуда.
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы