24 OVT Korrupciya SKO 1 Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде сыбайлас жемқорлықпен күресудің мемлекеттік бағдарламасы аясында СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы істері бойынша департаментінің бас маманы Амангелді Сатановты шақырумен семинар-кеңес өткізілді.
24 OVT Korrupciya SKO 2 Әңгіме барысында Амангелді Сатанов мемлекет басшысының «2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» жүзеге асырудың басым бағыттарын түсіндірді, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және мемлекеттік қызметтің оң беделі бойынша мәселелер қозғалды.
24 OVT Korrupciya SKO 3 Өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге тоқталды және жасалған сыбайлас жемқорлықтар туралы бірнеше мысал келтірді. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық жеке мемлекетке ғана төніп тұрған қауіп ретінде қарастырылмайды, жалпы әлемдегі қоғамға төнген қауіп болып табылады. Сыбайлас жемқорлық үнемі және барлық халық арасында болды.
Сыбайлас жемқорлық бұл – жамандық, оны жою мүмкін емес, бірақ онымен күресуге, оны ескертуге және дамуының алдын алуға болады. Жазалаудан ескерту жақсы. Және бұл әр жақсы заңнаманың негізгі мақсаты болмақ. Семинар соңында тақырыптық бейнеролик көрсетілді.
 
Азаматтық қорғау подполковнигі Серік Шақабаев,
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД
ӨС және АҚЖҚ кадр жұмысы бөлімінің бастығы