Мемлекет саясатының негізгі бағыттарының бірі – сыбайлас жемқорлықпен күресу.
Бүгінгі күнде Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күресуге жалпы мемлекеттік мәртебе берілді, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және шектеу жөніндегі қоғамдық және саяси күштерімен бірге кең ауқымды сыбайлас жемқорлыққа қарсы кампания жүргізіледі. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күресу мемлекет саясатының негізгі басымдылықтарының бірі ретінде белгіленді. Әртүрлі деңгейлерде құқық бұзушылықтармен күресудің қаңдай да бір аспектілері талқыланғанмен, оның қарқындыларының сипатты белгілерінің бірі сыбайлас жемқорлықпен күресу болып табылатыны міндетті.
Қарағанды қаласының ТЖ басқармасы да сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша үлесін қосады. Қызметкерлермен сыбайластық қылмыс пен құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу мақсатында Қарағанды қаласы ТЖ басқармасының жеке құрамымен бірге кәсіби қызметтік дайындау аясында жыл ағымында осы тақырып бойынша сабақтар және жиналыс семинарлары өткізіледі. Бұдан басқа, басқарманың қабырғаларында сыбайластыққа қарсы әрекет ету жөнінде жаднамалар мен плакаттар ілінді.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күресу мемлекеттік-саяси деңгейге қойылған және мемлекет Басшысымен тікелей бақыланады.
 
Аға лейтенант Е.Такиров,
Қарағанды қ. ТЖБ АҚ бөлімінің офицері