19 1 Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің заң тобының мамандары 2017 жылғы 4 тамызда департаменттің жеке құрамы арасында ОҚО ТЖД қызметін жүзеге асыру барысында туындайтын проблемалық мәселелер бойынша құқықтық түсіндірушілік сипаттағы «дөңгелек үстелді» ұйымдастырып, өткізді. Бұл іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы А.А.Шілманов, ОҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы М.О.Досанов қатысты.
Дөңгелек үстелдің жұмысы барысында Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А.Бейсембаев баяндама жасап, қызметкерлердің арасында орын алған теріс іс-қимылдары үшін жауапкершілікке тартылғандар туралы ақпаратты жеткізді. Шақырылған қонақтардан М.Досанов сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметшілердің жыл сайын тапсыратын мүліктік табыс тәртібі туралы түсіндіріп өтті. Сонымен қатар «дөңгелек үстелдің» жұмысы барысында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптары, заңды және жеке тұлғалардың жүгінулерін қарау тәртібі туралы түсіндіру мен талқылау жұмыстары қарастырылды.
«Дөңгелек үстелдің» қорытындысы ретінде А.А.Шілманов Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы өз орнын анықтап, сыбайлас жемқорлықтың қандай да бір көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» атмосферасын қалыптастырған деп нақтылады.
19 2 19 2 19 2
Ш.Ускенбаева,
Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД
заң тобының бас маманы