10 ovt 1 Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті қызметкерінің қатысуымен Павлодар қ. Төтенше жағдайлар басқармасының жеке құрамына семинар-сабақ өткізілді.
10 ovt 2 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы бастығының міндеттерін атқарушы О.С. Әлімханов іс-шара алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар тақырыбына әзірленген слайдтар көрсетті. Сонымен қатар, Еуропа және Азияның жеке мемлекеттерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жазалау шараларынан мысалдар келтірді. Мәселен, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасағаны үшін Қытай, Ирак, Иран, Сауд Арабиясы, Тайланд, Куба сияқты мемлекеттерде өлім жазасы, БАӘ, Катар, Бахрейнде адам қолын кесу, ал Үндістан, Пәкістан және Сингапурда ұсақ қылмыс жасағаны үшін ротанг таяғымен 5-24 ретке дейін соғу жаза шаралары қолданылатынын айтты.
Маман 2016 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықты ұғыну индексінде Қазақстан рейтингтің 131 позициясына ие болғанын атап кетті (Transparency International деректері бойынша) бір жыл бұрын мемлекет 123 орынға ие болған.
Семинар барысында тақырыпқа қатысты басқа да қызықты мәселелер айтылды. Семинар соңында атқаратын қызметі мен дәрежесіне қарамастан сыбайлас жемқорлық әрекет жасап, әшкерленген және Заң бойынша қатаң жауапқа тартылған шенеуніктер жайлы бейнеролик көрсетілді.
Қ. Көпбаев,
Павлодар қ. ТЖБ азаматтық қорғау тобының аға офицері