31 Бүкіл әлемдік тәжірибенің көрсеткіші бойынша жемқорлық экономиканың өсуіне кедергі келтіреді.
Қазақстан Респуликасы Президентінің «Қазақстан стратегиясы-2050» Жолдауын іске асыру мақсатында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасы Ж. Тенельбаевтың және Қаратал ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Т. Балшеновтың ұйымдастыруымен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен № 30 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында жемқорлықтың, терроризімнің және діни экстремизмнің алдын алу бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Осы отырыста жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі критерийлері мен құқықтық көз қарастары қарастырылды. Сонымен қатар тәртіпті нығайту және лауазымдық тұлғалардың қызметінің ашықтығын жүзеге асыру бойынша сұрақтары қарастырылды.
Азаматтық қорғау капитаны Қуатбеков С.Қ.,
Алматы облысы ТЖД
Қаратал ауданы ТЖБ аға инженері