23 ovt 1 Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Малик Зулкашевтің төрағалығымен жеке құрамның арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстарды күшейту мақсатында семинар өткізілді. Семинарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мамандары Нуртөре Калдыбаев және Нұрболат Мухмутов, «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының орынбасары Нұрхан Агниязов, Ақтөбе облысының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бегендік Айтқұлов қатысты.
23 ovt 2 ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы Н.Калдыбаев Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдары бойынша, аталған департаменттің бас маманы Н. Мухмутов Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі бойынша баяндама оқыды. Баяндама барысында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы бейнероликтер көрсетілді.
«Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының орынбасары Н. Агниязов «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын, жоспарланған іс-шараларды түсіндіріп өтті.
Ақтөбе облысының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Б. Айтқұлов жеке құрамды осындай тақырыптағы жиындарға түгелдей қатысып, қажетті мағлұмат алуға, отанға адал қызмет етіп, «ешкімнің ала жібін аттамай», қоғамға да, адамға да зиянын тигізбей, керісінше ел игілігі үшін қызмет жасауға шақырды.
Семинарға жеке құрам белсене қатысып, өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Олардың ішінде №1 МӨСБ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Р. Кумыспаевтың: «Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін, ең алдымен біз, аға басшы құрам өкілдері, өзіміздің қоғам алдындағы адал қызметімізбен соңымыздан ерген жас мамандарға үлгі болуымыз керек», - деген жалынды сөздері өте әсерлі шықты.
Семинар соңында төрағалық етуші азаматтық қорғау полковнигі Малик Зулкашев жиынды қорытындылап, шақырылған қонақтарға алғысын айта отырып, жеке құрамның Отан алдындағы адал қызметтеріне сенім білдірді.
 
Ақтөбе облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ
Кадр жұмысы бөлімі