22 zko Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті және Төтенше жағдайлар комитетінің басқа да аумақтық бөлімшелері сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу мақсатында бағытталған жұмыстарды үздіксіз жүргізуде.
Егерде қарапайым тілмен айтсақ, сыбайлас жемқорлық бұл қызметтік жағдайын жеке басына пайдалану болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың бірден бір көрінісі - парақорлық. Пара дегеніміз не?
Бұл дегеніміз лауазымды тұлғаның өзге тұлғадан өзінің отырған лауазымымен байланысты оған көрсетілетін қызмет үшін қаражат немесе басқалай игілікті алу болып табылады. Алайда көп жағдайда көрсетілген қаражат пен игілікті парақордың өзі емес, оның жақын туыстары немесе жалған ұйым алуы мүмкін.
Жемқорлық азаматтық қорғау органдарының қызметін тиімді қызмет етуін бұзып, мүмкіндіктерін әлсіретуі мүмкін. Сондықтан азаматтық қорғау органдары қызметінің басым бағыттарының бірі жемқорлық қылмыстары мен құқықбұзушылықтардың жолын кесу, алдын алу мәселелері болып саналады.
Жемқорлықпен күрес мақсатында Батыс Қазақстан облысы ТЖД жеке құрамымен оқу сабақтары өткізіліп, жемқорлықпен күрес бойынша бейнероликтердің көрсетілімі ұйымдастырылады, сондай-ақ анықталған жемқорлық әрекеттері көрсетілген республикалық шолулармен таныстырылады, сонымен қоса жемқорлық әрекеттеріне жедел әрекет ету мақсатында Батыс Қазақстан облысы ТЖД тұрақты негізде тәулік бойы Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметте орналасқан сенім телефоны (51-42-22) жұмыс жасайды.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде, бірлескен шаралар арқасында ТЖД пен оған бағынысты мемлекеттік мекемелерінде соңғы жылдары қызметкерлермен жасалған жемқорлық қылмыстары мен құқықбұзушылықтары тіркелген жоқ.
Жемқорлық әрекеттерін алдын алу, жеке құраммен жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселесіне ТЖД пен оған бағынысты мемлекеттік мекемелерінде тиісті көңіл бөлінеді.
Батыс Қазақстан облысы ТЖД
Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет басқармасы