14 kor pvl 1 Адамзаттың ғаламдық өзекті мәселелерінің бірі болып табылатын- жемқорлық. Сыбайлас жемқорлықтың негізгі қауіптілігі мелекеттік басқарудың принциптерін, заң алдында барлығының теңдігі мен әлеуметтік әділдікті жоюдан тұрады.
Барлығымызға мәлім 2014 жылы Елбасының жарлығымен бірыңғай мемлекеттік саясатты және жемқорлыққа қарсы іс-қимылды іске асыру бойынша функцияларды өзіне жинақтаған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі, яғни жаңадан мемлекеттік орган құрылды.
14 kor pvl 2 Үстіміздегі жылдың 23 тамызында Павлодар облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жеке құрамының алдында Қазақстан Респбуликасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Олжас Әлімхан: «Жаңадан құрылған мемлекеттік органда екі құрылымдық бөлімше құрылғаны туралы айтты. Атап айтқанда негізгі мақсаты мемлекеттік органдар жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелін анықтауға бағытталған талдау және сыбайлас жемқорлық тәуекелін анықтау бөлімшесі. Келесі бөлімшенің негізгі мақсаты тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және тұрғындарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру - сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және қоғаммен өзара әрекет ету. Яғни, еліміздің әр азаматы сыбайлас жемқорлықпен күрес әрқайсысымыздың қосқан үлесімізге байланысты екенін түсініп, анықтау қажет. Осындай функциялары бар басқа ұйым жоқ, аталған мемлекеттік орган осы жұмысты үйлестіруші болып табылады.
14 kor pvl 3 Алдындағы органнан айырмашылығы және негізгі ерекшелігі - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол бермеу және алдын алу жұмыстарын жүргізу. Біздің жұмысымыздағы негізгі тірек сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға келеді. Статистика бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары, олардың зардабымен күрсекеннен қарағанда көп жағдайда нәтижелі болып келеді. Қазіргі күнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру, ағарту бөлімімен тікелей тұрғындарға, халықтың нысаналы топтарына, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерге, бизнес өкілдеріне және т.б. арналған жан-жақты бағдарламалар өңделуде. Осындай алдын алу, яғни профилактикалық жұмыстар өз жемісін көбірек береді деп есептеймін. Дегенмен анықтау, жол бермеу, қылмыстық сипаттағы қудалау орын алып келеді. Өйткені біздің жасап жатқан профилактикалық жұмыстарымыз кейбір мемлекеттік қызметшілерге тиісінше жетпейді, осындай жағдайларда қылмыстық кодекстің шараларын қолдануға мәжбүр етеді».
Сөз соңында Олжас Сансызбайұлы семинарға қатысушыларды белсенді азаматтық ұстанымға шақырды, егерде жемқорлық танытылған жерде тап болған жағдайда Сall-center 1494 байланыс телефонына міндетті түрде хабарласуды өтінді. Ол жерден демеу алатындарын ескере өтті және де ұранымыз «Біздің борыш – Отанға қызмет ету!» болып табылады.
С. Бердіқұлова
Павлодар облысы ТЖД
Өрт сөндіру және АҚЖҚ