Қазіргі таңда бүкіл жер бетінде барлық прогресстік үрдісті тежейтін фактор ретіндегі сыбайлас жемқорлықпен қақтығыспаған, экономика және саясат жүйелері дамыған мемлекет сірә табылмас. Ол аздан басталып, жаһандық, барлығын жоятын сипатына ие болып келеді.
Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлықпен жалпы бүкіл қоғам болып күресетін, аздаған елдерінің біріне кіреді. «Сыбайлас жемқорлықсыз ел-гүлденген ел» - бұл идеологиялық бренд азаматтық қоғамның барлық секторларымен, барлық мемлекеттік органдармен, бизнес және ғылым өкілдерімен ынтымақтастықта ғана осы күрделі міндетті шешіп, гүлденген Қазақстанның құрылуын қамтамасыз ететіні даусыз.Менің ойымша және құқық қорғау органдарындағы жұмыс өтілім бойынша - әр ұжымда және жеке қызметкерлерде сыбайлас жемқорлық иммунитетін құрасырудан бастау қажет.
Осы зұлымның кез келген құбылысына төзімсіздік туғаннан қалыптасу керек, мектепке дейінгі мекемелерде, мектепте, содан кейін жоғары оқу орындарында нығайтылу керек. Сонымен, адам еркін жүргенде сыбайлас жемқорлықтың кез келген құбылысына бекем болып, сол иммунитетке ие болу керек.
Сыбайлас жемқорлық көбінесе тікелей және кері тәуелділікке ие – сұраныс ұсынысты тудырады және де керісінше. Мемлекеттік құрылымдарда осы мәселенің профилактикасымен тұрақты негізде айналысады. Солай, Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл іс-шаралары жоспарлы сипатта өтеді. Бірақ қатер қалуда. Біздің азаматтар ақпаратқа ие болмауынан, заңдар мен қағидалардың білмеуінен офицердің абыройы мен мундирдің пәктігі туралы ойланбастан, баю жолын қуғандардың «қармағына» түседі. Әсіресе оған басшы құрамның буыны, ТЖ аумақтық және құрылымдық бөлімшелерінің Басқармалары мен бөлімдерінің инженерлік-инспекторлық құрамы шалдығады.
Сонда да Департаменттің өзіндік қауіпсіздік тобының қызметкерлері осы мәселені тек жедел-рейдтік іс-шараларды ғана жүргізіп қоймай, сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқықбұзушылықтарының алдын алуды тұрақты бақылауда ұстайтынын ескерту артық болмайды. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресудегі басты бағыты – оны болдырмау, яғни біз сыбайлас жемқорлықтың себептері мен шарттарына әсер етуіміз керек.
Мемлекет бізге үлкен жауапкершілік пен сенімді артады. Бұл сенімді ақтау-азаматтық борыш. Біз әр күн сайын өзіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетімізді нығайту үшін жұмыс жасауымыз қажет.
Арнайы біздің оқырмандарымызға Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті өзіндік қауіпсіздік тобының мекенжайы мен телефонын хабарлаймыз: Павлодар қ., Мир көшесі, 14 үй.
Егер де:
- жасалған және жасалуға дайындалып жатқан қылмыстар туралы жасырын хабарлағыңыз келсе;
- азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері (көмек көрсетпеуі, құқық бұзушылық немесе қылмыс туралы өтініш қабылдамаса, қорқытып алушылық, қатер, бопсалау) туралы хабарлағыңыз келсе сенім телефонына: 8 (7182) 53-60-57, жұмыс телефоны 53-94-19) хабарласа аласыздар.
 
Т.Б. Қарғасеков
Павлодар облысы ТЖД
өзіндік қауіпсіздік тобының
аса маңызды істері бойынша аға жедел уәкілі
полиция подполковнигі