04 Алм Обл Коррупция 1 Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Көксу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен Балпық би ауылының №32 Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен «Азаматтық қорғау органдарындағы тәртіпті, заңдылық пен құқық қорғауды сақтау,сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары» және жол жүру ережесін сақтау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстөлғаКөксу аудандық «Нұр Отан» партиясының аумақтық филиалының өкілі Байсеркенов Марлен жәнеаудандық Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері шақырылды.
04 Алм Обл Коррупция 2 Кіріспе сөзбен, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Абдураимов Куаныш Нұржанұлы сөз сөйледі.Көксу ауданының ТЖБ және Балпық би ауылының №32 ӨСБ жеке құрамымен тәртібтің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтың сақталуы жөніндегі қызметі жариялылығын қамтамасыз етуге, транспаренттілікті және мемлекеттік қызметшінің, бүтіндей органның жағымды (оңтайлы) имиджін қамтамассыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, «Азаматтық қорғау органдарындағы тәртіптің, заңдылықтың,жол жүру ережесі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі туралы шолу» жеткізді.
Сонымен қатар аудандық «Нұр Отан» партиясының аумақтық филиалының өкілі, аудандық Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері сөз алып: Сыбайлас жемқорлық - құқық бұзушылықтың күрделі әрі зардапты, сыбайлас жемқорлықтың кең қанат жаюы-мемлекет дамуын тоқыратып, өмір сүруінің тоқтауынада алып келетін келеңсіз құбылыс екенін айтып өтті. Қызметтік және жеке автокөліктермен болатын жол-көлік оқиғалардың алдын-алу мәселелері және жол жүру ережесіне енгізілген өзгертулер бойынша таныстырып өтті.
Дөңгелек үстелды өкізудің негізгі мақсаты азаматтық қорғау органдары жеке құрамының арасында құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру және тәрбие жұмысын ұйымдастыру жеткізу болып табылды. Аталған тақырыптарда слайд және бейнефильмдер көрсетілді.
 
К. Абдураимов
Алматы облысы ТЖД
Көксу ауданының ТЖБ бастығы
азаматтық қорғау подполковниігі