30 ЖенсоветӨКарөдаӨ 1 Қарағанды облысының ТЖ департаментінде әйелдер кеңесінің ашық отырысы өтті.
Әйелдер кеңесі аналар мен отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған полиция органдары құрылымының бірі болып табылады.
Кеңес жұмысында оның тұрақты мүшелерінен бөлек, ТЖ департаментінің және оның бөлімшелері қызметкерлерінің бақылау-қадағалауды жүзеге асыратын жұбайлары, сонымен қатар Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаментінің өкілі қатысты.
30 ЖенсоветӨКарөдаӨ 2 Отырыс барысында Қарағанды облысы ТЖД кадр жұмысы бөлімінің басшысы подполковник Н.Ж.Шакенов азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық қылмыстары, қызметтік тәртіпті және негізгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзушылықтары туралы ақпаратты жеткізді.
Жоғары лауазымды тұлғалардың жемқорлық қылмысын жасау фактілері бойынша бейнеролик көрсетілді.
Өткізілген іс-шара қорытындысы және күн тәртібіндегі сұрақтарды талқылау бойынша қызметкерлердің қылмысын және қызметтік тәртіпті бұзушылықтарды алдын алу жұмысында ТЖД басшылығы мен қызметкерлер жұбайларының күшін біріктіру шешімі қабылданды.
Сондай-ақ, қызметкерлердің жұбайларына ТЖД ғимараты бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Әйелдер ведомствоның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысымен танысты.
 
 
Қарағанды облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы