15 AATYRAU korrup 1 Қазір сыбайлас жемқорлық туралы бәрі біледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бұл - сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет мемлекет саясатының басты міндеттерінің бірі, осыған орай әрбір адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес борышы әрі міндеті болып табылады.
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментімен сыбайлас жемқорлық бузушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыс жүргізіледі, атап айтқанда, жеке құраммен лекциялар, дөңгелек үстелдер, қажетті әнгемелесулермен жеке тәрбие жұмыс жүргізіледі. Ағарту мақсатында Департаментінің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбы туралы үгіт насихаттық видеороликтер көрсетіледі.
15 AATYRAU korrup 2 Департаменттің аппараттық кеңестерде және жеке құраммен құқықтық дайындық сабағында ІІО қызметкерлері жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстар фактілері туралы ақпарат тұрақты жеткізіледі.
Атырау облысы ТЖД қызметкерлерінің құқықтық даярлау жүйесінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру стандарттарды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері» тақырыбы бойынша сабақ өткізілді.
Сабақтың баяндаушысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Ренат Салімғалиұлы Салімғали болды, онымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыптың өзектілігін атап өтіп және жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қаншалықты үлкен мәні бар екенің айтты.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың түрлерімен мен олардың қоғамға салдарын, және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына парақорлық зиян келтіретін екені туралы таныстырды. Ренат Салиімғалиұлы қылмыстық жауапқа тартылатын сыбайлас жемқорлық көріністерін жиі кездесетін фактілер айтып берді.
Қорытындыны шығара отырып, Ренат Салиімғалиұлы қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріп, Департаментінің жеке құрамын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сұрақтары бойынша ынтымақтастық жасауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінің кез келген фактілеріне лайықсыз болуына шақырды.
 
Атырау облысының ТЖД
кадр жұмысы бөлімі