14 PVLDr korrup 1 2017 жылдың 26 қазанында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінде «Пара бермеу және пара алмау – жемқорлықпен күресудің қарапайым рецепті» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Дөңгелек үстел отырысына «Нұр Отан» Павлодар қалалық филиалы партиясының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Павлодар облысы бойынша Департаментінің өкілдері шақырылды.
Дөңгелек үстелдің өткізілуі барысында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті кадр жұмысы бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Әсемгүл Қабылбариқызы Насырова, «Нұр Отан» Павлодар қалалық филиалы партиясы жемқорлықпен күрес Қоғамдық кеңесінің төрағасы- Павлодар қалалық маслихатының депутаты Виктор Петрович Пряхин, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Павлодар облысы бойынша Департаменті Сыбайлас жемқорлықты алдын-алу басқармасының бас маманы Айгүл Шарафиденқызы Таржакаева баяндамамен сөз сөйледі.
14 PVLDr korrup 2 Сонымен қатар А.Ш. Таржакаева сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған тұлғаларға жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің қолданылмайтынын, шартты түрде соттауға тура тиым қойылғанын, мемлекеттік қызметте лауазымды атқаруға өмір бойына тиым енгізілгенін, қылмыстық жолмен табылған мүлікті тәркілеу нормасы бекітілгенін атап өтті.
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник А. Темірбаев қорытындылай келе отырысқа қатысушыларға алғысын айтты және алдағы уақытта мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың тығыз қарым-қатынаста болытыны туралы тілегін білдірді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметінде тиімділікті арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға болатындығын және солай болу керек екендігін, сонымен қатар қоғамда жемқорлыққа қарсы көз қарасты қалыптастыру қажеттілігін атап өтті.
 
 
Павлодар облысы ТЖД заң тобы