14 Сыбайлас жемқорлық қазіргі уақытта саяси дамуына қарамастан әлемнің барлық елінде, соның ішінде Қазақстанда да бар әлеуметтік құбылыс. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономика құрылысын, инвестицияларды тарту үрдісін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері ықпалын тигізеді, еліміздің болашақ дамуына күрделі қатерін тигізеді.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстандағы мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі ретінде белгіленген, және де мемекеттік қызметшілер осы міндеттерді мүдіртпей орындауымыз керек. Сыбайлас жемқорлық мәселелері қоғамнан осы кемістік толығымен кетпегенше өзекті болып қала береді.
2017 жылдың 6 қарашасында «Нұр Отан» партиясы Павлодар аудандық филиалының базасында ТЖ бөлімінің және өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбына өткен дөңгелек үстелдің жұмысына қатысты. Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы О. Согрина кездесудің қатысушыларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша жеке құрам арасына жүргізілетін жұмыс туралы ақпараттады.
Жүргізілетін жұмысқа қарамастан, Төтенше жағдайлар аумақтық органы азаматтық қорғау қызметкерлерінің арасында ағымдағы жылы сыйбайлас жемқорлық құқықбұзушылығының екі оқиғасы орын алды, деп атап өтті баяндаушы.
Өз әріптесін қолдап Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Е. Қаукенов, өрт сөндіру бөлімінің бастығы Ш. Даутбеков сөз сөйледі. Олар барлық мемлекеттік қызметшілерді қырағылық сақтап, пара беріп-алмауға шақырды. «Тек қана бірлескен күшпен біз осы кемістікке қарсы тұра аламыз», - деді мамандар. Барлық мемлекеттік қызметшілердің міндеті - сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерімен күресіп төзімсіздікті білдіру.
Дөңгелек үстелдің соңында аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының төрайымы Бақытжан Ғабдуллақызы Тезекбаева қатысушыларға алғысын білдіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
 
Е. Қаукенов
Павлодар облысы ТЖД
Павлодар ауданы ТЖ бөлімінің аға инженері