26 ALm obL Seminar 1 2017 жылдың 16 қараша айында Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің заң тобы, Өрт қауіпсізігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы М.А.Алибековтың төрағалығымен тиісті мемлекеттік қызметтердің өкілдерін тарта отырып, Департамент және оның құрылымдық мекемелері қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын түсіндіру және талқылау бойынша семинар-кеңес өткізді.
26 ALm obL Seminar 2 Іс-шараға Алматы облысының прокурорының көмекшісі Шабдаров Айдар Ғалымгелдіұлы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Байзаков Диас Жәнібекұлы, Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Бокиев Айбол Серікжанұлы және жетекші маман Жәнгірбаев Олжас Оралұлы жоғарыда айтылған Кодекс және Заңдарды түсіндіру мақсатында қатысты.
Шақырылған мемлекеттік қызмет өкілдері әкімшілік құқық бұзушылық, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік сатып алу туралы баяндама жасап және семинар-кеңеске қатысушыларының барлық сұрақтарына жауап берді.
 
 
Қ.Асылбекова
Алматы облысы ТЖД
Заң тобының бас маманы