Қазіргі кездің жағдайында сыбайлас жемқорлықтың проблемасы әлемдік көлемдегі проблемаға айналды, өйткені ол барлық елдерге тән құбылыс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету ел дамуының қазіргі кезеңдегі жалпы мемлекеттік міндеті болып табылады. Оның көріністері азаматтардың конституциялық құқықтарына және мүдделеріне нұқсан келтіреді, заңдылық принциптерін, мемлекеттік басқару институттарына сенімділікті әлсіретеді.
Сыбайлас жемқорлық барлық қоғамның барлық салаларына аздыратын ықпал етеді: экономикаға, әлеуметтік ортаға, саясатқа, ал осы құбылыспен туатын келеңсіз салдар қоғамның озық, қарқынды дамуына ғана кедергі болмай, ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне шынайы қауіпті де келтіреді.
Казақтан Республикасында сыбайлас жемқорлықты жеңу басымдылығы Мемлекет басшысы Н. Назарбаевпен нақты көрсетілген мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету үшін елімізде тиісті заңнама базасы құрылған, атап айтқанда: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, Президенттің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметiндегi тәртiп пен реттiліктi нығайту жөнiндегі шаралар туралы» Жарлығы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттары қызметтерін үйлестіру тиімділігін арттыру арқылы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге бағытталған бағдарламалардың тізбегі.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерлерден Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Осы құжаттар сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізгі қағидаларын, сондай-ақ жауапкершіліктің басталу талаптарын нақты анықтайды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасында тұрақты негізде нұсқаулықтар, жеке-тәрбиелік жұмыстары журналына енгізумен сұхбаттар, тиісті тақырып бойынша қысқаметражды фильмдерді көрсетумен дәрістер өткізіледі. Әр жартыжылдықта Басқарма ішінара тексерістердің тізімі құрады, онда азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау туралы жыл сайынғы есепті (ҚР ІІМ 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығының 1 қосымшасына сәйкес) ұсынбаған ұйымдар мен кәсіпорындар кіреді. Осыған байланысты тексерулерді өткізу тәртібі анықталған, атап айтқанда: бақылау және қадағалау органы тексеру жүргізудің мерзімдері мен нысанасын көрсете отырып, тексерудің өзі басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жоспарлы тексеру жүргізудің басталатыны туралы тексерілетін субъектіні жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
Жоспардан тыс тексеру жүргізу кезінде, мемлекеттік орган тексеру жүргізу нысанасын көрсете отырып, тексеру басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталатыны туралы тексерілетін субъектіге хабарлауға міндетті. Сонымен бірге, нысанға тексеру үшін келген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары:
- құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркелгені туралы белгі қойылған тексеруді тағайындау туралы актіні;
- қызметтік куәлігін;
- қажет болған кезде режимді объектілерге баруға арналған құзыретті органның рұқсатын;
- денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен берілген, объектілерге бару үшін қажет болатын медициналық рұқсаттаманы;
- жоспарлы тексеру кезінде тексеру парағын көрсетуге міндетті.
Тексеруді тағайындау туралы актіні тексерілетін субъектіге берген күннен бастап тексеру жүргізу басталған болып есептеледі. Лауазымды тұлғалардың тарапынан осы талаптарды мүлтіксіз орындалуы сыбайлас жемқорлықты құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпалын тигізеді.
 
Қ. Рымбеков
Павлодар облысы ТЖД
Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері