14 KTI korrupcia 1 2017 жылдың 29 қараша күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтында Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігімен бірге Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы жұмыстары бойынша Агенттігінің бастамасымен «Жемқорлықтың алдын алу біріккен сағаты» өткізілді.
14 KTI korrupcia 2 Бұл іс-шараны оқу орнының бастығы азаматтық қорғау полковнигі С.Д. Шәріпханов ашты, ол бұл өткізіліп жатқан шараның маңыздылығын көрсетті және Институтта жемқорлыққа қарсы іс-шараларды өткізудің негізгі бағыттарды атап өтті. Сол уақытта Институтта өткізілген жұмыстың нәтижесі осы жылдың ішінде Институт қызметкерлерінің, азаматтық қызметкерлерінің және курсанттардың жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес заң бұзушылықтардың, жемқорлық мотивтері бойынша жұмыстан шығу фактілері, және де азаматтар мен заңды тұлғалардың оқу орнының қызметкерлері мен курсанттарының жемқорлық заң бұзушылықтары мен қылмастары фактілері бойынша ұсынылымдарының жоқтығы болып табылады.
14 KTI korrupcia 3 Әрі қарай Институт кадр жұмысы бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Балкибеков Т.А. жеке құрамға «2017 жылдың 9 айдағы Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК азаматтық қорғау бөлімшелеріндегі тәртіптің, заңдылық және жемқорлыққа қарсы әрекет туралы есеп» жеткізді, және де Институттың жемқорлық заң бұзушылықтарына қарсы өткізіліп жатқан жұмыстары туралы ақпаратты оқыды.
Бұл шараға қатысқан Институт қызметкерлері мен курсанттарының жалпы саны 540 адамды құрады.
 
ҚР ІІМ ТЖК КТИ баспасөз қызметі