Принтерге шығару
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі –Департамент) бөлімдерінің тәртібі, заңдылығы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жай-күйі аппараттық және жедел кеңестерде бірнеше рет қаралды. Осы тақырып бойынша барлық келіп түскен материалдарды Департаменттің бөлімдеріне жолдананды, осындай бұзушылықтарды болдырмау үшін жеке құрамға тиісті жұмыстар жүргізіледі және таныстырылды.
Сондай-ақ, журналдарға 7 материал, сайттарға 13 материал және Маңғыстау облысының жергілікті газетіне жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында 5 мақала жарияланды, облыстық телеарнада Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары туралы 2 рет кездесу болды. ҚР БП ҚСжАЕК, Атамекен кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен, «Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу», «Противодействие коррупции в государственной службе» және «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында 5 дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдер барысында қатысушылардың баяндамалары оқылды, бейне роликтер көрсетілді. Сонымен қатар, Маңғыстау облысының «НұрОтан» партиясының филиалымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінде және «Ел басының Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттары» тақырыбында бірлескен іс-шара өткізілді. Департаменттің ғимараттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттайтын плакаттар орналастырылды: «Будущее без коррупции – наша общая цель» және «Наши ценности – добропорядочность и академическая честность в образовании». «Маңғыстау құтқарушысы» жураналына «Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша дөңгелек үстел» тақырыбында мақала жарияланды; «Пожарный и спасатель» журналына «Противодействие коррупции в государственной службе» тақырыбында мақала жарияланды. Сондай-ақ, Департаментте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізу үшін жұмыс тобы құрылған.
Қызметтік дайындық барысында Маңғыстау облысының Әкімшілік полиция басқармасының өкілдерімен жол ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру туралы кездесу ұйымдастырылды.
Кадрлық қызмет қызметкерлерді ҚР БП ҚСжАЕК базасынан жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған қызметкерлерді, сондай-ақ бұзушылықтың осы түрі үшін төленбеген айыппұлдарды анықтау үшін тексеру жұмыстарын жүргізеді. Оындай бұзушылықтарды болдырмау жөніндегі шараларды әзірлеу үшін барлық ақпарат бөлімдерге жолданады.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері арасында тәрбие жұмысын ұйымдастыруға арналған Жол картасының қызметі уақытында жүзеге асырылуда.
2017 жылдың 12 айында Департаментте сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыс тіркелген жоқ.
 
Маңғыстау облысының ТЖД