Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. Бұл азаматтық қорғау органдарының да басымдылығы болып табылады. Сыбайлас жемқорлық азаматтық қорғау органдарының беделіне жағымсыз әсер етеді, азаматтардың сенімін түсіреді, мемлекеттің нарықтық экономикасы дамуына қауіп-қатер төндіреді, ұлттық және экономикалық қауіпсіздікке зиян келтіреді. Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекетіміздің Елбасы Н.Назарбаев нақты белгілеген мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлықты тиімді тежеу – құқықтық мемлекетті құрудың көпшілікке танылған шарт. Сыбайлас жемқорлықпен күресті азаматтық қорғау органдарында жүйелі және кешенді сипатқа тән. Осы мәселелер мәжілістерде әрдайым қаралады, сыбайлас жемқорлықпен күрес және қызметтік этиканы сақтау мәселелері жөніндегі Комиссия қызмет етеді. Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында азаматтық қорғау органдарының беделін көтеруге және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласында азаматтардың жауапкершілігін арттыруға, азаматтық қоғам институттарымен және құқық қорғау органдарымен сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында ынтымақтастығын жандандыруға және өзара әрекеттесуге айтарлықтай мән беріледі. Осыған орай, стратегиялық бағыттардан басқар Павлодар облысының ТЖ департаменті жыл сайын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын іске асырады, осы шараларды аудандық бөлімдер мен департаменттің басқармалары қоса атқарады. Павлодар қаласының төтенше жағдайлар басқармасы дөңгелек үстелдер, қала ұйымдарының басшыларымен, кәсіпкерлермен, кездесулер сияқты шараларды өткізеді. Жеке құрамның сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында білімін арттыру мақсатында қалалық прокуратура, салық қызметтерінің өкілдерін шақырумен семинарлар жыл сайын өткізіледі. Қызметкерлермен ай сайын нұсқамалар өткізіледі, Павлодар облысының Павлодар қаласының ТЖБ «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалымен өзара тығыз іс-әрекет жасалған, сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы өткізетін барлық шараларға қатысады.
 
Павлодар қаласының ТЖБ
МӨББ аға инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты Қаирбаев А.Е.