Қазіргі таңда жемқорлық кез келген елдің экономикалық өсуіне кесірін тигізер маңызды факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан Қазақстанда бұл мәселемен күреске жалпымемлекеттік мәртебе беріліп, қоғамдық әрі саяси ұйымдармен бірге жолын кесу, алдын алу бойынша көлемді шаралар жүзеге асырылуда.
Бұл бағыттағы белсенді жұмыстар БҚО ТЖ Департаментінде де жүргізілуде. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында 2016-2017 жылдарға арналған жемқорлықпен күрес бағдарламасына сай бөлімшелерде жемқорлық қылмыстары мен құқықбұзушылықтарды уақтылы алдын алу кешенді іс-шаралары құрастырылды.
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде ҚР «Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі» Заңы, ҚР жемқорлық құқықбұзушылыққа қатысты қылмыстық кодексінің баптары көрсетілген ақпараттық стенд ресімделген. Жемқорлық құқықбұзушылықтарын бақылау бойынша комиссия құрылып, әр айдың 25 күні осы айдағы материалдарды қарайды.
Департамент пен оның ведомстволық бағынысты мекемелерінде хаттарға, заңды және жеке тұлғалардың өтінішіне арналған пошталық жәшік бар, бұл жәшіктерде сондай-ақ сенім телефондары көрсетілген, ал пошталық жәшіктер әр тоқсан сайын ашылады. 2017 жыл ішінде өтініштер келіп түскен жоқ.
Бәрімізге белгілі әр қызметкер мемлекеттік қызметтен өтумен байланысты шектеулер қабылдау келісіміне қол қояды. Сондықтан әрбір қабылданған қызметкерге уақтылы мемлекеттік қызметке рұқсат ресімделеді. Қабылданған әр қызметкермен жастарды қызметіне абыроймен қарауға, дәстүрді құрметтеуге үйрету мақсатында бастықтың бұйрығымен тәжірибелі тәлімгер бекітіледі.
Сонымен қоса, жемқорлық қылмыстары орын алуы мүмкін аумақтар анықталып, «тәуекел тобына» жататын қызметкерлердің тізімі құрастырылды. Айта кетерлік жайт осы санатты қызметкерлермен жеке-тәрбие жұмысы жүргізіледі.
2017 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында жемқорлыққа қарсы тақырыпта барлығы 26 мақала (2016 ж.- 4) жарияланып, жемқорлықтың алдын алуға 71 дөңгелек үстел (2016ж.-5), 122 дәріс, 27 семинар (2016 ж.- 43) өткізілді.
Сонымен қатар а.ж. 17 ақпан, 14 сәуір, 24 мамыр, 2 маусым және 28 шілде күндері БҚО бойынша жемқорлыққа қарсы іс-әрекет Ұлттық бюро департаментінің өкілдерімен жемқорлыққа қарсы тақырыпта дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде өткен есептік кезеңде жемқорлық қылмыстары мен құқықбұзушылықтар орын алған жоқ.
2017 жылдың өткен кезеңінде Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен жемқорлық қылмыстары мен құқықбұзушылықтарға жол берілген жоқ, материалдар тәртіптік кеңеске жолданған жоқ.
Жемқорлықпен күрес ісінде билік пен қоғамның тараптарының өзара ынтымақтастығы маңызды орын алады, бұл мәселені бірлескен жағдайда ғана шешуге болады. Бұл үшін БҚО ТЖ Департаменті БҚО бойынша жемқорлыққа қарсы іс-әрекет Ұлттық бюро департаментімен белсенді қызмет атқарады, бірлескен қызметтің нәтижелігін Департаменттегі жемқорлық мәліметтерінің жоқтығын атауға болады. Аталған Департаменттің мамандарын шақыртумен БҚО ТЖД үнемі кездесулер, дәрістер өткізіліп, бейнеүзіктер мен слайдтар көрсетіліп келеді, шара барысында жемқорлық қылмыстары үшін белгіленетін жазалар көрсетіліп, оның залалы кінәлі тұлғалармен қоса оның жақын-туыстарына да тиетіні түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жемқорлықпен күрес туралы айта келе, қоғамның қатысуынсыз жемқорлықты жеңу мүмкін еместігін, Қазақстан үшін жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыты екендігін бірнеше қайта атап өткен болатын. Мемлекеттің және қоғамның, бизнестің өзара сенім, жауапкершілік, серіктестік, қоғамда жемқорлыққа қарсы көзқарастың қалыптасуы, құқықтық түсінігі негізінде бірігуі арқасында ғана біздің еліміздегі жемқорлық деп аталатын қоғамдық кесірді жоюға мүмкіндік береді.
 
С.Каракулова
БҚО ТЖД кадр жұмысы бөлімінің бастығы
азаматтық қорғау подполковнигі