Сыбайлас жемқорлық бүгінгі таңда әлеуметтік құбылыс ретінде әлемнің барлық елдерінде кездеседі. Оның ішінде Қазақстан да бар және өзге елдерден айырмашылығы тек көлемінде ғана. Сыбайлас жемқорлық, әлеуметтік экономиканың даму процесін, нарықтық экономика құрылысын, инвестиция тарту процесстеріне өз зардабын тигізері анық. Одан әрі демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарға теріс әсер етіп, елдің болашағы мен дамуына айтарлықтай қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстан саясатының негізгі бағыттарының бірі болып саналады.
Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын күшейту жөніндегі жұмыстары үнемі жетілдірілу үстінде. Осыған орай Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өртке қарсы қызметінің жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп отырады. Мысалы, ағымдағы жылдың қаңтар айында, апта сайынғы қызметкерлердің жиналыстары барысында 4 баяндама оқылып, облыс көлемінде 1 және аудан көлемінде 1 дөнгелек үстел өткізілді. Жеке құрам құқық қорғау органы қызметкерлерімен іске асырылған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары бойынша жүргізілген тадауларымен үнемі таныстырылып отырады. Қосымша гарнизонның жеке құрамы стендтер арқылы да ақпараттандырылады.
Тәуелсіздіктің бірінші күнінен бастап Мемлекет басшысы өз сөзінде әрдайым халықтың әл-ауқатын көтеру, еді дамыту мәселелерін көтеріп отырады. Оның ішінде Отанымыз Қазақстанды одан әрі гүлдендіру мәселесі де қамтылған. Бүгінде халқымыздың бірлігі мен тұрақтылығының арқасында еліміздің экономикасы өркендеп, азаматтарымыздың әл-ауқаты жақсаруда. Ал халқымыздың ортақ мақсаты сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және түп тамырымен жоюға атсалысу күн тәртібінен түспейтін мәселелердің қатарында болуы тиіс.
 
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесінің Өрт сөндіру байланыс орталығы пунктінің байланыс
аға шебері Карина Карташова