Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәселесі - мемлекет құрудың мәңгілік мәселелерінің бірі. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісіне, нарықтық экономиканың құрылысына, инвестициялар тартуға және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қатер төндіреді.
Осылайша, кәсіби қызметтік дайындалу шеңберінде №1 мамандырылған жасағының қызмткерлері үшін, «Нұр Отан» Рудный қалалық филиалының маманы М.М.Савельевамен қазіргі әлемде сыбайлас жемқорлық және оған қарсы күрес туралы лекция өткізілді.
- «Сыбайлас жемқорлық тұрақты түрде мұқият зерделеуді және жедел қарсы іс-қимыл талап ететін қазіргі заманғы қоғамның жағымсыз құбылысы болып табылады. Елдегі бар сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды қиындатады, инвестициялық климатқа кері әсерін тигізеді және елдің имиджін төмендетеді. Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан президент өзінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы төртінші индустриалдық революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері хатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және заңның үстемдігінің 9-тармағын атап шықты», - «Нұр Отан» партиясының маманы дейді.
Сондай-ақ, Рудный қ. №1 мамндырылған жасағының бастықтың орынбасары Бахтияр Нұрмағамбетов жеке құраммен ЖҚЕ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексін мүлтіксіз сақтау бойынша нұсқаулық өткізді.
Қорытындылай келе, қызметкерлерге әдістемелік ұсынымдар, бейнефильмдер және қысқа жемқорлыққа қарсы бейнелер ұсынылды. Бұл оқиға қызметкерлерге күнделікті практикалық іс-әрекеттерді заңға сәйкес қатаң түрде жүзеге асыру үшін қажетті теориялық білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді.
 
«Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ баспасөз қызметі