Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс бөлімінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында сабақ өткізілді.
Семинардың өткізілу мақсаты – ішкі істер органдары қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзімсіз қарым-қатынасты нығайту жөніндегі бастамаларды көтермелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды ұйымдастыру.
Бөлім бастығының м.а. Иван Вакуленко өз дәрісінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес барлық мемлекеттік қызметкерлер сыбайлас жемқорлықпен күресуге, мемлекеттік қызметшілердің жұмысына теріс әсер ететін «параға» жол бермеуге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға ықпал етуге міндетті. Заң талаптары бойынша мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларын кәсіби қызметте және қызмет көрсетуден тыс сақтау.
 
БҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімі