16 ALM OVT 1 2018 жығы 11 шілдеде Талдықорған қаласының Оқушылар сарайының мәжіліс залында, Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кадр жұмысы бөлімінің қызметкерлерімен 2018 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқық және тәртіпті сақтау» бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
16 ALM OVT 2 Дөңгелек үстелге уәкілетті органдар мен Қалалық маслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ақажан Темірболат Жанболатұлы, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Биболатов Бақтияр қатысты.
Дөңгелек үстел барысында Алматы облысы ТЖД кадр жұмысы бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Алтынбеков Қанат Дүйсенбекұлы Департаменттің жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін атқарылған жұмысы туралы, сондай-ақ өз пікірімен сыбайлас жемқорлықты алдын алу және күресудің тиімді әдісін қолданылуын талқылауда Алматы облысы Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаменті, штаб басқармасының басшысы Оспанбеков Асқар Кенжебекұлы баяндама жасады.
16 ALM OVT 3 Талқылау барысында жемқорлық деген проблемамен күресу үшін кандай нақты шаралар қолданылуға болады деген пікірлерімен алмасты. Мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықты болдырмау, мемлекеттік қызметкерлерлердің атақ-бейнесін көтеру және мемлекеттік тәртібін нығайту керектігін айта кетті.
Жиын соңында дөңгелек үстелге қатысқандар бір ауызды тұжырымға келді, сыбайлас жемқорлық пен күресуде шек болмауы тиіс. Тек бірлесіп күш салғанда ғана нәтижелерге қол жеткізу мүмкін.
Доңгелек үстел барысында Департамент қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықты алдын алу, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін жедел ұстау туралы бейнероликтер көрсетілді.
 
Алматы облысы ТЖД
кадр жұмысы бөлімі