15 ZKO 1 Ұлт көшбасшысы өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: нық тұрған мемлекеттің жаңа саяси курсы» атты халыққа жолдауында сыбайлас жемқорлықтың жай ғана құқық бұзушылық қана емес, оның мемлекеттің тиімділігіне деген сенімге селкеу түсіретінін және ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретінін ерекше атап өткен болатын. Сыбайлас жемқорлықпен күрес проблемасы біздің қоғам мен мемлекеттің қазіргі кезең өміріндегі ең өзекті және зәру проблемаларының бірі. Сыбайлас жемқорлық мемлекет тіректерін ішінен ірітіп, әлсіретеді, халықтың игілігі үшін, отанның гүлденуіне қызмет етуге жаны мен жүрегін беретін адал адамдардың ең алдыңғы қатарлы бастамаларын жоққа шығарады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру үшін саяси, құқықтық және моральдық шаралар кешенінің тәртібі мен мазмұнын жандандыру қажет және бүкіл Қазақстан халқының белсенді өмірлік және саяси ерік-жігер қажет. Сонда белгілі бір оң нәтижелерге үміт артуға болады.
15 ZKO 2 Сыбайлас жемқорлықпен күрес бірден күшейтілген болуы тиіс. Мемлекет басшысының аталмыш стратегиялық нұсқауы бұлжытпай орындауды талап етеді.
Сыбайлас жемқорлықпен күресте негізгі назарды алдын алу және профилактикалық шараларға аудару қажет. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет туралы» заңының 22-бабына сәйкес өз құзіреттілігі шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, мемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымдық тұлғалар жүргізуге міндетті.
15 ZKO 3 Өз кезегінде Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті осы бағытта белгілі бір жұмыс атқаруда. Сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлықтық құқықбұзушылық профилактикасына бағытталған жұмыс жоспарлары дайындалды. Аталмыш жоспарлар негізінде Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілерін зерделеу бойынша сабақтар, құқыққорғау органдары, жеке кәсіпкерлік субъектілері өкілдерінің қатысуымен кеңестер өткізіледі, олар кейін міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Департамент қызметкерлері ҚР заңнамасының бұзылуына жол бермеу бойынша күн сайынғы нұсқаулықтан өтеді. Қызметкерлердің кәсіби және мәдени деңгейлерін үнемі арттыру – Департаменттің басты міндеттерінің бірі.
Бүкіл халық табынатын еңбекқорлықты, жоғары мәдениет пен жоғары кәсібилікті идеал санайтын сыпайы, әділ және мейрімді, адал адамның әлеуметтік-психологиялық атмосферасын қалыптастыруға деген қоғамның ұмтылысын ынталандырудың болашағы зор деп болжанады. Бұл шаралар, ұсынылып отырған құқықтық шаралармен қатар, еліміздегі сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылықтарға қарсы күресті одан әрі жандандыру үшін нақты серпіліс болуы мүмкін еді.
 
БҚО ТЖД ӨҚСБжПҚБ