19 I0KO korrupcia 1 Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының тоғызыншы басымдығы болып сыбайлас жемқорлықпен күрес және заң үстемдігі анықталды.
Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын ақпараттандыру және түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі С. Шоймановтың төрағалығымен семинар өткізілді. Семинардың жұмысына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент өкілі қатысты.
19 I0KO korrupcia 2 Қызмет бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі С. Шойманов өз сөзінде қатысушыларға Президенттің жаңа Жолдауының негізгі мәнін жеткізді және семинардың мақсатымен таныстырды.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас маманы Гульмира Төлегенқызы қатысушыларды заңнамалық құжаттардың талаптарымен таныстырып, ҚР Президентінің жаңа Жолдауаның «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» атты 9-шы тармағы бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді, дәлелді фактілер мен мысалдарды келтірді. Өз баяндамасында «Тәуелсіздік алған бірінші күннен бастап сыбайлас жемқорлықпен күрес біздің елдің саясатында ең басты басымдықтардың бірі болып табылады. Өскелең ұрпақ үшін адал қызмет ету ғана табыстың, жоғары жетістіктердің, білімнің және материалдық игіліктің басты өлшемі болу керек», - деп атап өтті.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына жол берген адамдардың ұсталғандығы туралы бейнеролик көрсетіліп, сондай-ақ онда бұрынғы мемлекеттік қызметкердің, жемқорлық үшін сотталғандардың және өз жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жатқандардың өз қылмысы үшін өкініп, айтқан сөздері көрсетілді.
Баяндама семинарға қатысушылардың арасында үлкен қызығушылықты тудырып, баяндамашыға көптеген сұрақтар қойылды, ал семинардың ресми бөлігі аяқталғаннан кейін көтерілген келелі мәселелер бойынша талқылау жұмыстары жүргізілді.
 
Оңтүстік Қазақстан облысы
ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысары қызметі