13 Jambyl korrupc 1 2018 жылғы 1 тамызда Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өртке қарсы қызметінің жеке құрамымен №15 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында өртке қарсы қызметінің қызметкерлері қызметте сыбайлас жемқорлыққа,қылмыстарға, құқық бұзушылықтарға жол бермеу, қызмет уақытында және қызметтен тыс уақытта жолда жүру ережелерін сақтау мәселелерін қарастырды. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның барлық белгілі көріністерін жою болып табылады.
13 Jambyl korrupc 2 Қызметкерлердің алдында кіріспе сөзді алған Өртке қарсы қызметінің кадр жұмысы бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Айгүл Бахытжанова, өз кезегінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзін тілге алып: «Сыбайлас жемқорлыққа мемлекет пен қоғам біріге отырып, қарсы күресу керек. Сыбайлас жемқорлық –жай ғана құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің сенімді тұтастығын ажыратып, ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді» - айтып өтті. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Амирбеков Ерболат сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді. Тараз қаласы ІІБ ЖТҚ ДБ және ОББ-дың инспекторы полиция аға лейтенанты Айдын Абдрахманов Ішкі істер органдарының қызметкерлерін Жолда жүру ережелерін сақтамағандықтан орын алған бұзушылықтар бойынша шолумен таныстырып, қызмет уақытында және қызметтен тыс уақытта жолда жүру ережелерін сақтау туралы айтып кетті.
Одан әрі Полиция подполковнигі Дидар Сагинов жеке құрамды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірлігінің 2018 жылдың І-жартыжылдығы бойынша тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жай-күйіне бойынша шолумен таныстырды. Азаматтық қорғау аға лейтенанты Мадина Гарифова өз кезегінде жиналғандарды 2018 жылдың 6 ай мерзімінде Өртке қарсы қызметіндегі жасалған әкімшілік құқық бұзушылақтармен таныстырып өтті.
Бұдан басқа Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті жемқорлықтың алдын алу басқармасының маманы қызметкерлерге, қызметшілердің әлеуметтік желілердегі парақшаларына мониторинг жүргізілетіндігі айтылып және фото, видео материалдарды жариялаған кезде барлық аспектілерге назар бөлу керектігін айтты. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қызметкерлерден мамандарға сұрақ қойылды.
 
Жамбыл облысы ТЖД
Өрт сөндіру мекемесінің
кадр жұмысы бөлімі