Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2018 жылдың 17 тамызында «Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің №13 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамына «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез және Тасқала аудандық жергілікті полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Е.Есентаевтың қатысумен дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Дөңгелек үстелде шақырылған өкілдер мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстары, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормалары туралы түсіндірді.
«Қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлық қазіргі таңда қанатын жайып, кең таралуда. Сондықтан онымен күресу, алдын алу және болдырмау мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті. Тек қана саналы түрде заң нормалары мен талаптарын сақтағанда ғана, біз оны қоғам болып жеңеміз» - деді Д.Ғазез өз сөзінде.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі - мемлекеттік қызметшілердің қызмет бабындағы және қызметтен тыс уақыттағы тәртіп нормаларын реттейтін бірден бір заң. Аталған заңға сәйкес мемлекеттік қызмет қоғам және мемлекет тарапынан білдірген ерекше сенім, сондықтан мемлекеттік қызметшінің моральдық-әдептілік бейнесіне үлкен талаптар қойылады. Тасқала аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Е.Есентаев осыған үлкен көңіл бөлді. Кейбір азаматтар қызметтен тыс уақытында да қоғамдық жүріс-тұрыс ережелерін ұмытып, әдепсіздік танытып, құқықбұзушылықтарға жол береді. Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында жеке құрам арасында жұмыстар жүргізіп, заң нормаларын сақтауды талап ету қажет.
Кездесу соңында №13 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамына арнайы бейнероликтер көрсетілді.
Аталған шаралар Қызметтің бөлімшелеріне тоқсан сайын өткізілетінін айта кету қажет.
 
БҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ»ММ
Кадр жұмысы бөлімі