28 Atyrau korrupc 1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-бүгінгі таңдағы мемлекеттік органдардың, жеке жне заңды тұлғалардың маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Осы орайда, Департаменттің жеке құрамымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыру мәселесі талқыланды.
Аталған маңызы іс-шараны жүзеге асыру үшін қажетті заңнамалық актілер қабылданған. Солардың негізгісі- Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастар реттеледі және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған нақты қағидалар бекітілген.
Жалпы, сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, оған теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу болып табылады.
28 Atyrau korrupc 2 Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін оған қарсы мәдениетті қалыптастуымыз қажет. Осы орайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде қажетті қызметтерді, білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешенін жүзеге асырады.
Құқық қорғау органдары қызметінде мүдделер қақтығысы орын алмас үшін, оның алдын-алу тәртібін білу міндет.
Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, оларға теңестірілген адамдарға, лауазымды адамдарға, егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруға тыйым салынады. Сол себепті, тікелей басшысы аталған адамдардың өтініштері бойынша лауазымдық міндеттерін орындаудан шеттетуге және басқа адамға тапсыруға, лауазымдық міндеттерін өзгертуге міндетті.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие адам өзі қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға хабар беруі қажет. Мемлекеттік органның, ұйымның басшылығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы келіп түскен хабарлама бойынша заңға сәйкес шаралар қолдануға міндетті.
Сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген.
 
Атырау облысының ТЖД
заң тобы