19 Aktobe 2018 жылдың 5 қазанында «Нұр Отан» партиясының Қобда филиалы ғимаратында Қобда ауданының төтенше жағдайлар бөлімі мен № 15 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жол қозғалысы ережелерін түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге «Нұр Отан» партиясы Қобда аудандық филиалы төрағасының 1-ші орынбасары Б.А. Кұрманоязов, Қобда аудандық ІІБ аға инспекторы полиция капитаны Р.С. Құсмағамбетов қатысты.
Кездесу барысында Б.А. Кұрманоязов ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі талаптары туралы хабардар етті. Өз сөзінде ол бұл заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп, Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға бағытталғанын атап өтті. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігіне, елдің инвестициялық тартымдылығына және әлеуметтік-экономикалық дамудың нашарлауына теріс әсер етеді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қағидалары адам мен азаматтың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауға, заңның үстемдігі, жариялылық, ашықтық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жазаны күшейтуге бағытталғанын түсіндірді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек прокуратура, ҰҚК және Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттіктің ғана емес, сонымен қатар барлық мемлекеттік органдардың міндеті екенін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тарту қарастырылған.
Сондай-ақ, полиция капитаны Р.С. Құсмағамбетов жеке құрамға жол қозғалысы ережелерінің негізгі талаптарын жеткізді.
Содан кейін, жиналысты қорытындылай келе, Қобда аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Р.М. Суликанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған қызметкер өз атына ғана емес, өз басшылығына, туған-туысқандары мен балаларына да зиян келтіретінін атап өтті. Сондықтан, өз іс-әрекеттерін заңнама шеңберінде жасау қажет.
 
Ақтөбе облысы ТЖД
Қобда ауданының ТЖБ