13 SKO Seminar 1 Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жас қызметкерлері И. Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың оқу залында 2018 жылдың 10 қазанында өткен «Жемқорлықпен күрес – әр азаматтың ісі» атты дөңгелек үстелге қатысты.
Іс-шараға қатысқандар: Солтүстік-Қазақстан облысының Жастар қоры орталығының қызметкері – Лилия Гизатуллина, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бас маманы – Амангелді Сатанов, Солтүстік-Қазақстан облысы жастар маслихатының төрағасы – Виталий Шеминг.
«Коррупция» сөзі (латын тілінен «коррупцио» - сатып алу) біздің сөздік қорымызда жақында ғана пайда болғанмен, бұл құбылыстың тамыры тереңге бойлайды.
13 SKO Seminar 2 Жүргізуші-кітапханашы Ғалия Мелешкевич – «жемқорлық» ұғымына анықтама беріп, жемқорлықтың экономикалық және әлеуметтік себептері туралы, тыңдаушыларды біздің республикамызда жемқорлықпен күрес бойынша негізгі заңдармен таныстырды.
Әңгіме барысында Амангелді Есмағзиұлы мемлекет басшысының «2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» жүзеге асырудың басым бағыттарын түсіндірді, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және мемлекеттік қызметтің оң беделі бойыншамәселелер қозғалды.
Өз сөзінде әрбір қазақстандық, әрбір отбасы ұлты мен дініне қарамастан, сыбайлас жемқорлықпен күрес – барлық қоғамның, жеке азаматтың ісі екекнін түсінуі қажет деп ерекше назар аударды.
Қатысушылар біздің облыста сыбайлас жемқорлықпен күрес қалай жүргізілетінін, жемқорлық мемлекеттің экономикалық саясатын іске асыруға кедергі жасайтынын өз сөздерінде баяндады. Дөңгелек үстел басындағы кездесу барысында слайдтар мен бейнероликтер көрсетіліп сүйемелденді.
Сөз сөйлеу барысында тыңдаушылар сұрақтар қойып, жемқорлыққа деген өздерінің кері әсерлері туралы өз ойларын айтты.
 
Серік Шақабаев,
«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ
кадр жұмысы бөлімінің бастығы,
азаматтық қорғау подполковнигі