26 Astana 1 Алғаш рет бұл «сыбайлас жемқорлық» сөзі - құлаққа түрпідей тиіп, жағымсыз естілетін, кейін жемқорлыққа жол бергендердің тағдыры және онымен күресу жолдарын теледидар мен баспа басылымдары жарыса айтып, халықтың біртіндеп етін үйретті, әрі үйреншікті сөздер қатарына қосты. Себебі, дамушы елдердегідей түп тамырын тереңге жайған қоғам індеті біздің жас мемлекетімізде өз дәуірін құрды. Ең сорақысы заман ағымымен бірге өсіп-өркендей бастады.Халықтың көкейін жемқорлық көріністерін қашан жоямыз деген сұрақтар мазалап, қоғам қасіретіне соңғы нүкте қойылса деген тілек бар. Елбасы алға қойған басты басым бағыттарында сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру қажеттігін айтты және сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық деңгейде жүргізілсін деген тапсырма берген болатын.
26 Astana 2 Осы бағыттағы «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының да мақсаты айқын. Өзге мемлекеттік органдар секілді, Басқарма өз алдына әрі басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды орындауда.
«Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының мақсатқа жетуге бағытталған жұмыстарды үнемі жүргізетінін атап кеткен жөн. Осы бағытта мекеме «Жас Отан» жастар қанаты, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, прокуратурамен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жеке құрам арасында дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, семинарлар мен дәрістерді жиі өткізеді, көп адамдар шоғырланған жерлерде ашық қабылдаулар ұйымдастырылады, парақшалар мен брошюралар таратады, фильмдер мен бейнероликтер көрсетеді.
Осылай, «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлерімен бірлесе отырып Астана қаласында орналасқан сауда ойын-сауық орталықтарында өз бизнесін қорғауға бағытталған ашық қабылдау өткізді. Шараны өткізу барысында кәсіпкерлерге құқықтарымен және нұсқалары таратылды.
 
Астана қаласы ТЖД
«Алматы» ауданының ТЖБ