19 Aqtobe obl Antikor 1 2018 жылғы 5 қарашада тыңдаушылардың кіші басшы құрамды қайта даярлау курстарына (жоғары техникалық білім негізінде) сыбайлас жемқорлық түсінігі, сыбайлас жемқорлық көріністерінің түрлері, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы қажетті білім алу мақсатында Ақтөбе облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Өңірлік оқу орталығына Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы С.Ж. Куантаева шақырылды, 19 Aqtobe obl Antikor 2 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексі нормаларын сақтау» тақырыбында сабақ өткізді.
С.Ж. Қуантаева сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңнама негіздерін, мемлекеттік қызметшілердің қызмет уақытынан тыс мінез-құлқының стандарттарын түсіндірді.
Соңында С.Ж. Қуантаева сабаққа қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
 
Ақтөбе облысының ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ
Өңірлік оқыту орталығы