27 Qyzyl Orda 1 Ағымдағы жылдың 8 қарашасында Қызылорда облысы ТЖД мәжіліс залында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау жөнінде семинар-кеңес болып өтті. Семинарға Қызылорда облысы ТЖД басқарма, бөлім бастықтары мен бағынысты мекемелердің басшылары қатысты.
Семинарда алдымен Кадр жұмысы бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі М. Қобландиев «Жеке құрамның тәртібі туралы және ҚР ІІМ 2018 жылдың 9 айындағы ішкі істер органдарындағы тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі туралы шолуымен таныстырды».
27 Qyzyl Orda 2 Одан соң Азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері лейтенант А. Мейрамбеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау» Қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен таныстырды.
Соңында Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау майоры Е. Райымбеков ҚР ІІМ ТЖК-нің 2018 жылғы 1 қарашадағы тақырыптық тексеру (ТЖД есепке алу тіркеу тәртібі) актісін оқып, кеткен кемшіліктерді болдырмау туралы ұсыныстарын ортаға салды.
Семинар-кеңесті Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі А. Төлешев қорытындылады.
 
Қызылорда облысы ТЖД