30 PVLDr KorrupCiya 1 «Нұр Отан» партиясы Ақсу қалалық филиалының мәжіліс залында «Бәріміз бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты өзекті тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Павлодар облысы Ақсу қаласында орналасқан төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және үш өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлық ұғымын және механизмін ашу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заңнамалық базасын, оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды жариялау және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу шаралары туралы беделді адамдардың пікірін тыңдау болып табылады.
30 PVLDr KorrupCiya 2 Дөңгелек үстелге «Нұр Отан» партиясы Ақсу қалалық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Александр Васильевич Крылов, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Александр Данилович Прохоров, қалалық филиалдың кеңесшісі Гүлназ Берікқызы Салтанова сөз сөйледі.
Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Даулет Куконев кездесуге қатысушыларды гарнизонда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы хабардар етті. Әріптестерінің назарын сыбайлас жемқорлықпен күрес әрбір азаматтың міндеті болып табылатынына аударды.
30 PVLDr KorrupCiya 3 Сыбайлас жемқорлық біздің еліміздің беделіне үлкен зиян келтіреді, сондықтан сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес жөніндегі тиісті мемлекеттік органдар осы зұлымдыққа қарсы күресте орасан зор күш-жігер жұмсайды.
Ол басқаратын ведомство алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметкерлер арасында оның кез келген көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеу үшін жүйелі шаралар қолданатынын сендірді.
Одан кейін №17 өрт сөндіру бөлімінңі бастығы Б. Айғазинов, №11 өрт сөндіру бөлімінің бастығының орынбасары Д. Сұлтанова, төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Ж. Төрехан сөз сөйледі. Олар бөлімшелерде 2018 жылдың 10 айында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Дөңгелек үстелдің жұмысын аяқтай келе, гарнизон бастығы Президент сөзін келтірді. «Барлық ұрланған заттар мемлекетке қайтарылады.
Бір рет бұзған адам өз жазасын алады. Біз бұл жұмысты ары қарай істей береміз. Елді осындай зұлымдықтан тазартамыз. Мемлекеттік қызметкерлер мемлекетке және өз ісіне адалдық үлгісін көрсетуі тиіс».
 
Ж. Торехан - Ақсу қ. ТЖБ аға инженері
Д. Сұлтанов - 11-ӨСБ бастығының орынбасары