29 Qostan obl korrupc 1 Азаматтық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыстар 2015– 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының 2018-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
29 Qostan obl korrupc 2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру шеңберінде Қостанай облысының ТЖД конференц-залында "Азаматтық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен «Нұр Отан» партиясының Қостанай қалалық филиалының өкілдері, сондай-ақ Департаменттің қалалық және аудандық аумақтық бөлімшелерінің және өрт сөндіру қызметінің бастықтары қатысты.
Департаменттің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Кәкімов Т.Б., «Нұр Отан» партиясы Қостанай қалалық филиалы қоғамдық кеңесінің мүшесі С. Колесниченко, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының бас маманы Гусейнов Р. кездесуге қатысушылардың назарына сыбайлас жемқорлықтың негізгі ұғымдарын және анықтамаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың мақсаттары мен міндеттерін, күнделікті еңбек қызметін жүзеге асыруда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тәуекелін қауіп-қатерден төмендету мүмкін.
29 Qostan obl korrupc 3 Сонымен қатар, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуы мәселесі қаралды, себебі ол қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиесіне тікелей әсер етеді.
Қорытындылай келе, өткізілетін іс-шаралардың барлық спектріне қарамастан, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ісіндегі ең пәрменді құрал - өз мемлекеті мен халқына қызмет ету жолын таңдаған әрбір азаматтың қағидасы мен табандылығы болып табылады. Ол үшін ол алдымен өзінің және әріптестерінің сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына жол бермеу үшін қандай құндылықты бағдарларды ұстанатынын анықтауы тиіс.
 
Е. Аушахметов
Қостанай облысының ТЖД
Кадр жұмысы бөлімінің бас маманы
азаматтық қорғау капитаны