31 Alm ObL Korrupcia 1 Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Cыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.
31 Alm ObL Korrupcia 2 Сыбайлас жемқорлық бастамасының бірі ретінде мемлекеттік қызметшілерге заңсыз сыйлық беруді және алуды айтуға болады.
Бүгінгі күні бұл сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар фактілері «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодекстің 676, 677 және 678-баптарымен жазаланады. Яғни 200-ден 1500 аралығындағы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметшілермен сыйлықтарды тарту ету немесе қабылдау іс-әрекеттері мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар болып танылады.
Осыған орай, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және заңсыз сыйлықтарды қабылдаудың алдын алу мақсатында 2018 жылғы 11 қараша сағат 11:00-де Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында жеке құрамға «Адал еңбектің абыройы жоғары» тақырыбында бейнеролик көрсетілді.
 
А.С. Жолбосынов
Алматы облысы ТЖД
Кадр жұмысы бөлімінің бас маманы