20 KoStaN korrupc 2018 жылғы 18 қарашада «Нұр Отан» партиясы Алтынсарин аудандық филиалының бірінші орынбасары С.С. Мусапированың төрағалығымен Алтынсарин ауданының №6 өрт сөндіру бөлімі және ТЖБ гарнизонымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және төзбеушілік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
С.С. Мусапирова қызметкерлерге біздің мемлекетіміз тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап тиімді, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін институттарды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін құру үшін мақсатты және кезең-кезеңмен бағытталатыны туралы ақпарат берді. Сондықтан 1998 жылы біздің еліміз ТМД елдері арасында алғаш болып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заң қабылдады. Қазіргі уақытта «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жою, 2015-2025 жылдарға арналған Казахстан Республикасының антикоррупциялық стратегиясы қабылданды. Оның негізгі бағыттары – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыстарды жүргізу және қоғамның әрбір мүшесі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Сондай-ақ С.С. Мусапирова тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету сыбайлас жемқорлық деңгейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік бермейтінін, бұл жерде әрбір қызметкердің осы мәселе бойынша айқын ұстанымы қажет екенін атап өтті. Әрбір қызметкер сыбайлас жемқорлық - үлкен жамандық екенін және елдегі экономикалық және әлеуметтік жедел дамудағы тежеуіш екенін өзі анық түсінуі тиіс. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстанның және Президент Н. Назарбаевтың мемлекеттік саясатының маңызды стратегиялық басымдығы болып табылады. Қоғамның осы бағыттағы күштерін шоғырландыру қажет және әрдайым қызметте басымдықтардың бірі болады.
Өткізілген дөңгелек үстел қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға қарсы іс-қимылға бағытталған жұмысты жандандыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру бойынша ақпараттық-насихаттау қызметін күшейту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қолданыстағы заңнаманы мүлтіксіз сақтау бойынша шешімдер қабылданды.
 
«Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ баспасөз қызмет