37 IUKO Korrupcia 1 Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсанында Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Е.Бахаевтың төрағалығымен семинар-жиналыс өткізілді. Бұл іс-шараға департаменттің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының жеке құрамы қатысып, қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлықтың көріністерін және суицидтің, діни экстремизмнің алдын алу, жол жүру ережесінің, тәртіптің, заңдылықтың талаптарын сақтау тақырыбы талқыланды.
37 IUKO Korrupcia 2 Семинар-жиналысы барысында Шымкент қаласы ТЖ департаментінің кадр жұмысы бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Бекзат Қамбаров сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Баяндамада көтерілген мәселелер бойынша ТЖ департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі М.Жақсыбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Әлжанова Жазира Салыханқызы, Шымкент қаласы Дін істері басқармасының дін істерін зерттеу орталығының теолог-маманы Байжанова Тыныштық Сейльбекқызы, Шымкент қаласы «Халиф Омар» мешітінің бас имамы Жұмабеков Данабек Әліпбайұлы өз пікірлерімен бөлісті.
37 IUKO Korrupcia 3 «Семинар-жиналыс негізгі мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету», - деп Ерғали Бахаев атап өтті.
Іс-шара барысында талқыланған жемқорлық проблемасы бойынша күресу үшін кандай нақты шаралар қолданылуға болатындығы туралы пікірлермен алмасып, сыбайлас жемқорлықты алдын алу, «Діни және ұлттық экстремизм – аңыз ба әлде шынайылық па? Зайырлық және рухани келісім» тақырыбында бейнероликтер көрсетілді.
 
Шымкент қаласы ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы