25 Akm Obl Kr Stol 1 Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметкерлерінің құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру мақсатында 2018 жылғы 12 желтоқсанда Ақмола облысы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ мәжіліс залында кадр жұмысы бөлімімен «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбына аппарат басқармасы мен Көкшетау қ. өрт сөндіру бөлімдерінің бастықтарымен 45 адамның қамтылуымен өткізілді.
25 Akm Obl Kr Stol 2 «Нұр Отан» партиясының Көкшетау қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Балталы Сәрсенбайұлы Сәрсенбаев пен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Медет Хамитоллаұлы Турубаевтың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді, онда мазмұнды баяндама мен талқылаудан басқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 3 бейнеролик көрсетілді,оның ішінде бір бейнеролик кадр жұмысы бөлімі қызметкерлерінің күшімен шығарылды.
Дөңгелек үстелді өткізу барысында күнделікті қызмет барысында туындайтын проблемалық мәселелерді талқылау және шешу және қорытынды шығару өтті.
 
Г.Х. Мұхамедиярова
Ақмола облысы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ
кадр жұмысы бөлімінің бас маманы
азаматтық қорғау майоры