35 Almaty Sovesh 1 Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша Департаменті бастығының орынбасары Талғат Мамырбекұлы Башевтың төрағалығымен Алматы қаласы ТЖД және қалалық өрт сөндіру Қызметінің жеке құрамымен сыбайлас жемқорлық тақырыбында кеңейтілген отырыс болып өтті.
Айта кету керек, бұл тақырып белгілі бір санатқа жатады, өйткені маңызды аспект - ақпараттың дұрыстығы, фактілерді нақты беру, заңдарды дұрыс түсіндіру және еліміздің азаматтары үшін олар түсінетін форматта ақпарат беру.
35 Almaty Sovesh 2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша Департаментінің бөлім басшысы Низам Асанұлы Зейналов Мемлекет басшысының «2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы стратегиясында» көрсетілген жемқорлық көріністеріне қоғамда нөлдік толеранттықты қалыптастыру міндеттерін түсіндіріп, мемлекеттік қызметшілердің басшылығы пайда табу мақсатында ресми өкілеттігін пайдалану тиімді де мүмкін емес болатын шарттарды жасауы керек екендігін атап өтті.
Жиналыс қатысушыларына елдегі сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтар туралы статистикалық мәліметтерді бейнелейтін бейнероликтер көрсетілді.
Өз кезегінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі өкілдеріне Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің өзіндік қауіпсіздік тобы және аса маңызды істер аға уәкілі полиция подполковнигі Базаралы Бегалы өрт сөндіру Қызметі, сондай-ақ, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі міндеттерін жүзеге асыру, барлық фактілер мен іс-шараларға нөлдік толеранттылық туралы ақпарат берді.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, полковник Ерлан Әлібеков хабарлағандай, Әкімдіктің қаржылай қолдауымен 2018 жылдың қараша айынан бастап, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру инспекторларының қызметіне жеке бейнетіркегіштер енгізілді. Енді кәсіпкерлермен, меншік иелерімен және азаматтармен кез келген тексерулер мен байланыстардың бүкіл процесі бейнеге жазылады. Бұл Алматыны цифрландырудың негізгі принциптерінің бірі - ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық үшін жағдайларды болдырмауға бағытталған.
Жалпы алғанда, кездесуге қатысушылардың пікірінше, мұндай іс-шаралар қылмыстық және басқа да заң бұзушылықтарға акеліп соқтыратын жағдайлардың алдын-алу және болдырмау үшін жақсы шара болып табылады.
 
Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі