35 AtyraU korrupc Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің негізгі және басым міндеттерінің бірі жоғары тиімді азаматтық қорғау қызметін құру болып табылады.
Департамент тұрақты негізде этикалық және сыбайлас жемқорлық қарсы құқық бұзушылықтар бойынша және қызметтік этика нормаларын сақтау мониторингі бойынша жұмыс жүргізеді.
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексі» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілді. Кодекс қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметтегі өзара қарым-қатынастардың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепке сай емес мінез-құлқының алдын алуға бағытталған.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексіне сәйкес мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Сонымен қатар, этикалық кодекстің нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілер қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, өзінің іс-әрекеттерімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға себеп туғызбауы тиіс.
Департамент қызметшілерінің қызмет этикасы нормаларын сақтауына мониторинг жүргізу және бақылау жасау мақсатында кадр қызметі түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, мемлекеттік қызметшілерге консультациялық көмек көрсетеді, қолайлы моральдық-психологиялық климатты қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Сонымен қатар, Департаменттің барлық қызметкерлерімен Этикалық кодекс нормаларын мүлтіксіз сақтау бойынша сабақтар өткізілді және өткізілуде.
 
Атырау облысы ТЖД
Кадр жұмысы бөлімі