22 Almaty Antikor 1 2019 жылғы 22 мамырда Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, өртке қарсы қызмет генерал-майоры Серік Ғабдоллаұлы Әубәкіровтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Амангелдіұлы Шабдардың қатысуымен Алматы қаласы өрт сөндіру қызметі және ТЖД жеке құрамымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес болып өтті.
22 Almaty Antikor 2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Амангелдіұлы Шабдар Мемлекет басшысының "Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясында" көрсетілген қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру бойынша қойған міндеттерін түсіндірді. Департамент басшысы мемлекеттік қызметкерлердің басшылығы қызметтік өкілеттігін пайдакүнемдік мақсатта пайдалану тиімді емес және мүмкін емес болатын жағдайлар жасауы тиіс. Бұдан басқа, қатысушыларға бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомстваның сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға көбірек бағдарланғаны туралы айтылды.
Кеңеске қатысушыларға құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бас бостандығынан айыру орындарындағы жазаларын өтеушілерден ұстау бойынша сұхбат алынған бейнероликтері көрсетілді.
Алматы қаласының ТЖД өзіндік қауіпсіздік тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Базаралы Кәріпжанұлы Бегалымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, барлық фактілер мен өткізілетін іс-шаралар бойынша нөлдік шыдамдылық бойынша негізгі міндеттерді жүзеге асыру туралы ақпаратты өрт сөндіру қызметінің, сондай-ақ Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне түсіндірілді.
Алматы қаласының ТЖД бастығы, өртке қарсы қызмет генерал-майоры Серік Ғабдоллаұлы Әубәкіров 2018 жылдың қараша айынан бастап Алматы қаласы ТЖД-де өрт бақылау инспекторларының қызметіне Әкімдіктің қаржылай қолдауымен дербес бейнетіркегіштер енгізілгенін хабарлады. Енді кәсіпкерлермен, объект иелерімен және азаматтармен байланыс процесінің кез-келген тексеру түрі бейнеге жазылады. ТЖД-ің бұл бастамасы Алматыны цифрландырудың негізгі принциптерінің бірі – жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық жағдайларын болдырмауға бағытталған.
Жалпы алғанда, кеңеске қатысушылардың пікірінше, мұндай іс – шаралар -қылмыстық құқық бұзушылық пен басқа да заң бұзушылықтарға ықпал ететін жағдайлардың алдын алу және ескерту бойынша жақсы шара болып табылады.
 
Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі